Америкалық кәсіпкер туристерге Қазақстанға келуге кеңес береді

11 Шілде, 15:48
0
Америкалық кәсіпкер туристерге Қазақстанға келуге кеңес береді - © 24.kz
© 24.kz

Қазақстанда болған америкалық іскерлік топ өкілдері мен туристер өз елдерінде қазақтың дархан даласынан алған әсерлерімен бөлісті, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Шетелге саяхаттауды ұнататын АҚШ халқы ұлы дала елінің бірегейлігін ерекше атап өтті. Олар ең алдымен қазақ еліндегі тұмса табиғат әлемімен және тарихи ескерткіштермен жақынырақ танысуға шақырады. Бұған қоса, Алис Дайсарт есімді ньюджерсилік кәсіпкер қазақ аруларының да сұлулылығы мен нәзіктігіне қайран қалған.

"Біз Қазақстанда Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойланып жатқанда болдық. Сол кезде қазақ елінің бас қаласын аралап көрдік. Шаһар заманауи стильде салынған, сәулеті ерекше. Және алдағы уақытта одан әрі қарыштап дами түседі деп сенеміз. Жалпы мен америкалықтардың елдеріңізге ат басын бұрып, қазақ елімен, мәдениетімен жақынырақ танысса деймін", - дейді Алис Дайсарт.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай