1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Саяхат

Қапшағайдағы демалыс орындары миллион туристі қарсы алуға дайындалып жатыр

Фото visitkazakhstan.kz Фото visitkazakhstan.kz

Осы жазда Қапшағайдағы демалыс орындары миллионға жуық туристі қарсы алуға дайындалып жатыр. 13 маусымда Алматы облысындағы ірі су қоймасында шомылу маусымы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Қапшағайда биыл қонақ көп болады деп болжанып отыр. Мамандардың пікірінше, осы жылы қазақстандықтар коронавирус пандемиясына байланысты ішкі туризмге ден қояды. Сондықтан қонақтарды күтуге алдын ала дайындалып жатыр.

Су қоймасының жағасында 170-ке жуық жеке демалыс базасы бар. Олардың шамамен 100 шақтысы ашылған. Бұл - қалалық жағажай мен қала ішіндегі демалыс орындарын есепке алмағандағы көрсеткіш. Туристік базалардың карантин кезіндегі негізгі шарты - демалыс орнының тек 50 пайызына адам қабылдайды.

"Нысандар 3-ке бөлінген. Алматылық демалыс орындары, солтүстік жағалау және Қапшағай қаласы. Нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Ол туризм объекті қызметінің алгоритміне сәйкес болады", - деді қалалық спорт және туризм бөлімінің басшысы Айдын Әбілқасым.

Дегенмен демалыс орындарының иелері эпидемия мен карантин режимі бизнеске зиянын тигізгенін айтты. Соған қарамастан олар бағаларды көтермеуге уәде етті.

"Әдетте маусымға дайындалу үшін шамамен үш айдай керек. Осы үш айда біз дайындалып жатырмыз және қонақтар да келіп жатыр. Қонақтар май айынан бастап келе бастайды. Мамыр айынан бастап кіріс жоқ, бүгін 13 маусым. Біз талаптарды орындадық және осы уақытқа дейін жабық болды, енді ашылғанын күтіп отырмыз", - деді демалыс орнының директоры Ксения Черненко.

Жалпы жағажай маусымына дайындық аяқталып қалды. Көптеген базада санитарлық нормалардың талаптары сақталған: кіреберісте температура өлшеуден бастап бөлмелерді дезинфекциялауға дейін.

Мамандардың болжамына қарағанда Қапшағай жағажайына осы жазда шамамен миллионға жуық турист келеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!