20 желтоқсан 2014 23:47

АҚШ әскерилері Иракта ұлдарды аналарының көзінше зорлаған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Абу-Грейд" түрмесінде түсірілген фотосуреттердің бірі. ©theantimedia.org "Абу-Грейд" түрмесінде түсірілген фотосуреттердің бірі. ©theantimedia.org

АҚШ Қорғаныс министрлігі Орталық барлау басқармасының Ирактағы "Абу-Грейб" түрмесіндегі зорлау-қорлау әрекеттері түсірілген бейнежазбаны тексеріп жатыр. Бұл туралы TheAntiMedia интернет-басылымы ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлайды.


АҚШ Қорғаныс министрлігі Орталық барлау басқармасының Ирактағы "Абу-Грейб" түрмесіндегі зорлау-қорлау әрекеттері түсірілген бейнежазбаны тексеріп жатыр. Бұл туралы TheAntiMedia интернет-басылымы ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі журналист Сеймур Херштің айтуынша, "Абу-Грейб" түрмесіндегі оқиғалар осы кезге дейін жұртшылыққа жария етілген емес. Өткен аптада Херш Азаматтық бостандықты қорғаудың америкалық одағында сөз сөйлеп, америкалық әскерилердің ұл балаларды олардың аналарының көзінше зорлап, мұның бәрін камераға түсіргенін айтты.

"Жігіттерді содомия әрекетімен айналысуға мәжбүрлеп, оны видеоға түсірді, ең сорақысы балалардың жанайқайы болды. Біздің үкімет осылай соғысып жатыр", - деді құқыққорғаушы. Ол АҚШ Әкімшілігін әскери қылмыстарды жасыруға жәрдемдесті деп айыптады. 

TheAntiMedia 10 жыл бұрын The Guardian басылымының "Абу-Грейб" түрмесі тұтқынының жауаптарын жария еткенін еске салады. Ол кезде Касим Хилас есімді тұтқын америкалық әскерилердің бірінің камера ішінде Ирак жасөспірімін зорлағанын, ал оны сарбаз әйелдің фотоға түсіргенін айтты. 

"Енді арада он жыл өткеннен кейін осы жантүршігерлік оқиғалардың дәлелдері әшкерелене бастады, бірақ Пентагон бұрынғысынша бәрін жабуға тырысып бағады", - деп жазады басылым. 

"Абу-Грейб" түрмесі Бағдадқа жақын жерде орналасты. Саддам Хусейн биліктен қуылғаннан кейін америкалықтар оны батыс коалициясы күштеріне қарсы қылмыс жасаған ирактықтарды ұстайтын жаза өтеу орнына айналдырды. Бұл түрмеде 2004 жылдың сәуірінде адамдарды азаптаудың атышулы дерегі жария болды. CBS арнасы америкалық әскерилердің сотталғандарды қалай қорлайтыны туралы сюжетті көрсетті. Бірқатар қорытындыға қарағанда, АҚШ сарбаздары ирактықтарға жыныстық зорлық көрсеткен, оларды ат қылып мінген, дәретхана тесігіндегі тамақтарды алып жеуге мәжбүрлеген. 

Кейін АҚШ Қарулы күштерінің 12 әскериі "Абу-Грейб" түрмесіндегі қорлау әрекеттері үшін сотталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети