02 ақпан 2014 15:59

АҚШ Сочидегі Олимпиадада атыс болуы мүмкін екенін ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ntv.ru сайтынан Ntv.ru сайтынан

АҚШ Сочидегі Олдимпиадада химиялық атыс болуы мүмкін екенін ескертті деп хабарлайды Tengrinews.kz РБК-ға сілтеме жасай отырып. Сочи Олимпиадасындағы қауіпсіздік мәселесі жөнінде Вашингтонда өткен конференцияда америкалық сарапшылар ислам жауынгерлерінің Олимпиадаға қатысушылар мен Сочи қонақтарына химиялық қарудан оқ жаудыруы мүмкін екендігін ескертті. Стратегиялық және халықаралық зерттеу орталығының терроризмге қарсы күрес бөлімінің сарапшысы Гордон Хан Сириядағы соғысқа қатысушы жауынгерлер Үкімет арсеналынан ұрланған химиялық қаруларды қолды етіп, Сочидегі Олимпиадада қолдана ма деп үрейленіп отырғанын айтты. Ол Әл-Каида мен Эмират Кавказ бірігіп, химиялық қаруларды Солтүстік Кавказға жеткізіп, Сочиде террорлық әрекеттер жасауы мүмкін екенін жеткізді. Алайда Мәскеу мен Вашингтон алдағы ойындардың қауіпсіз өтетініне сенімді. Ал ресейлік жауынгерлердің химиялық қаруға ие екендіктеріне куәлік ететін негіз жоқ. Сарапшылардың айтуынша, Ресей билігі Қара теңіз жағалауындағы шипажай қаланы жоғары технологиялы қарулармен қаруланған бірнеше мың қауіпсіздік қызметіндегі әскермен қоршап қойған. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 2 млрд доллар қаржы жұмсалған. Осыған дейін АҚШ басштабы Ресейге Сочидегі Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өздерінің электрондық технологияларын пайдалануды ұсынған болатын. Бұл электронды технологиялар Ауғанстанда және Ирактағы жарылғыштарға қарсы қолданылған болатын. Бұл ұсынысты ресейлік әскерилерге АҚШ біріккен штабтары комитетінің басшысы Мартин Демпси айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети