Әсел Әбдіғаппарова. Сурет express-k.kz сайтынан алынған
"Америкада өмірлік бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматшасы Әсел Әбдіғаппарованың ісін АҚШ соты қайта қарайды. Егер сот оң көзқарас танытса, Қазақстан азаматшасының жазасын өтеу мерзімі қысқартылуы мүмкін" деп мәлімдейді Tengrinews.kz "Экспресс-К" басылымына сілтеме жасап. Басылымның мәліметіне қарағанда, қазақ қызының ісін қайта қарағанда аса ауыр болып табылмайтын айыптар тағылуы мүмкін. Ондай болған жағдайда, Әселге 28 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы ықтимал. Бұған дейін апелляциялық сот қазақ қызының өзін қорғау үшін бар мүмкіндіктерін пайдалана алмағанын, сондай-ақ тергеуге көмектескені ескерілмегенін алға тартқан еді. Естеріңізге салсақ, АҚШ соты Әсел Әбдіғаппароваға 2001 жылы "37 жастағы Роза Росадоны қатыгездікпен өлтіруге қатысқан" деген айып тағып, өмірлік бас бостандығынан айырған болатын. Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғаны, 2001 жылы 31 наурыз күні Техас штатының Сан-Антонио қаласында қазақстандық қыз азаматтық некедегі күйеуі Рамон Эрнандеспен және оның досы Сантос Минхареспен бірге көлікпен келе жатып, автобус аялдамасында жалғыз тұрған 37 жасар Роза Росадоны байқайды. Ұтымды сәтті пайдаланған үштік әйелді тонап, қатыгездікпен өлтіріп, қылмыстарын жасыру мақсатында денесін көміп тастайды. Арадан 5 күн өткенде Әсел полицияға өзі барады. Жүктіліктің бесінші айында жүрген Әсел Росадоның денесін қай жерге көмгеніндерін көрсетіп береді. Сонан соң полиция Рамон Эрнандес пен Сантос Минхаресті тұтқындаған. 2005 жылдың науырызында қазақ қызы өмірлік бас бостандығынан айыру жазасына алса, азаматтық күйеуі мен оның досы өлім жазасына кесіледі. Әселдің азаматтық күйеуіне қатысты үкім 2012 жылы орындалған. Ал, Минхарес те сол жылы септикалық есеңгіреу және ішкі органдардың тоқтауы салдарынан көз жұмады. Бас бостандығынан айырылған Асел Әбдіғаппарова түрмеде отырып ұл тапқан.
"Америкада өмірлік бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматшасы Әсел Әбдіғаппарованың ісін АҚШ соты қайта қарайды. Егер сот оң көзқарас танытса, Қазақстан азаматшасының жазасын өтеу мерзімі қысқартылуы мүмкін" деп мәлімдейді Tengrinews.kz "Экспресс-К" басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметіне қарағанда, қазақ қызының ісін қайта қарағанда аса ауыр болып табылмайтын айыптар тағылуы мүмкін. Ондай болған жағдайда, Әселге 28 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы ықтимал. Бұған дейін апелляциялық сот қазақ қызының өзін қорғау үшін бар мүмкіндіктерін пайдалана алмағанын, сондай-ақ тергеуге көмектескені ескерілмегенін алға тартқан еді.
Естеріңізге салсақ, АҚШ соты Әсел Әбдіғаппароваға 2001 жылы "37 жастағы Роза Росадоны қатыгездікпен өлтіруге қатысқан" деген айып тағып, өмірлік бас бостандығынан айырған болатын. Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғаны, 2001 жылы 31 наурыз күні Техас штатының Сан-Антонио қаласында қазақстандық қыз азаматтық некедегі күйеуі Рамон Эрнандеспен және оның досы Сантос Минхареспен бірге көлікпен келе жатып, автобус аялдамасында жалғыз тұрған 37 жасар Роза Росадоны байқайды. Ұтымды сәтті пайдаланған үштік әйелді тонап, қатыгездікпен өлтіріп, қылмыстарын жасыру мақсатында денесін көміп тастайды.
Арадан 5 күн өткенде Әсел полицияға өзі барады. Жүктіліктің бесінші айында жүрген Әсел Росадоның денесін қай жерге көмгеніндерін көрсетіп береді. Сонан соң полиция Рамон Эрнандес пен Сантос Минхаресті тұтқындаған. 2005 жылдың науырызында қазақ қызы өмірлік бас бостандығынан айыру жазасына алса, азаматтық күйеуі мен оның досы өлім жазасына кесіледі.
Әселдің азаматтық күйеуіне қатысты үкім 2012 жылы орындалған. Ал, Минхарес те сол жылы септикалық есеңгіреу және ішкі органдардың тоқтауы салдарынан көз жұмады.
Бас бостандығынан айырылған Асел Әбдіғаппарова түрмеде отырып ұл тапқан.