Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

АҚШ-та Джохар Царнаевтың әпкесі ұсталды

28 Тамыз 2014, 10:06
0
Джохар Царнаев. Фотосурет Tengrinews.kz мұрағатынан
Джохар Царнаев. Фотосурет Tengrinews.kz мұрағатынан

Нью-Йорк полициясы Бостон марафоны кезінде теракт ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевтың әпкесі Алина Царнаеваны ұстады, - деп хабарлайды "Вести.Ru"

Царнаеваны полицияның ұстауына оның бір әйелді қорқытуы себеп болды. Полицияның мәліметінше, әлгі әйел 24 жастағы Царнаеваның күйеуінен бала көтерген. Күйеуінің көңілдесімен телефонмен сөйлескен кезде Алина оған: "Мен бір адамдарды білемін, олар саған келіп, бомба қойып қояды", - деген.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері бұл дерек бойынша сот тыңдауы басталғанша оны қамауда ұстауды ұйғарды. Тыңдау 30 қыркүйекте өтуі тиіс. Джохар Царнаевтың адвокаттары әзірше бұл оқиға жөнінде ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Еске сала кетейік, Бостондағы теракт 2013 жылдың сәуір айында дәстүрлі марафон кезінде болған еді. Екі жарылыстың салдарынан үш адам қайтыс болып, 260-тан астам адам жараланды. Бірнеше күннен соң арнайы операция барысында Джохар Царнаев қолға түсті. Бұл іс бойынша алғашқы сот тыңдауы сол жылдың шілдесінде өтті. Царнаев өзіне 30 тармақ бойынша тағылған айыпты мойындаған жоқ, оған қатысты сот отырысы 2014 жылдың қараша айында басталады. Царнаевтың кінәсі дәлелденсе, ол өлім жазасына кесіледі. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай