10 сәуір 2014 10:33

АҚШ-та жасөспірім пышақпен 22 адамды жаралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Американың Питтсбург қаласы маңындағы мектепте жасөспірім 22 адамға пышақ жарақатын салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz CNN ақпарат көзіне сілтеме жасап.


Американың Питтсбург қаласы маңындағы мектепте жасөспірім 22 адамға пышақ жарақатын салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz CNN ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Екі пышақпен қаруланған жауыз ниетті 21 оқушы мен мектеп күзетшісін жаралаған. Жеткіншек сол күні ақ қолға түсіп, оған адам өміріне қастандық жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар телеарна 16 жастағы жеткіншек ересек азамат ретінде сотталатынын мәлімдеді.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жауыз ниетті екі асханалық пышақпен қаруланған екен. Ол мектеп дәлізімен жүріп отырып, сыныптарға кіріп кезіккен оқушыларға пышақ салған. Жеткіншекті мектеп директорының орынбасары тоқтатқан. Ол жеткіншекті жерге жығып, полицияға тапсырған.

Жарақат алғандардың жартысының жағдайы ауыр. Олардың екеуі ауруханаға жатқызылған. Қазіргі уақытта полиция жеткіншекті мұндай әрекетке баруға не итермелегенін анықтау үстінде. Оқушылардың сөзіне қарағанда, ол елден оқшау, тыныш жүреретін болған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети