АҚШ-та соңғы 25 жылдағы ең жойқын зілзала болды

25 Тамыз 2014, 00:23
0
АҚШ-та соңғы 25 жылдағы ең жойқын зілзала болды - Калифорния штатының Напа қаласындағы жер сілкінісінің салдары. ©REUTERS/Stephen Lam
Калифорния штатының Напа қаласындағы жер сілкінісінің салдары. ©REUTERS/Stephen Lam

Американың Калифорния штатында магнитудасы 6,1-гең тең жер сілкінісі болып, 87 адам зардап шекті, - деп хабарлайды ABC телеарнасы.

Жер сілкінісі Напа қаласынан 9 шақырымдағы каньондар ауданында болды. Зілзала ошағы 10 шақырым тереңдіктен анықталды. Негізгі дүмпуден соң 10-ға жуық афтершок болған. Телеарнаның мәліметінше, түрлі деңгейде жарақат алған 87 адам ауруханаға қаралды. Екі ересек адам мен бір баланың жағдайы ауыр.

Напа қаласының өртсөндірушілері жер сілкінісінің салдарынан болған алты өртті залалсыздандырды. Жерасты дүмпулерінің салдарынан 15 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. 

АҚШ-та мұндай жойқын зілзала соңғы 25 жылда тұңғыш рет тіркеліп отыр. 1989 жылы Сан-Францискодағы алапат жер сілкінісі кезінде тоғыз адам қайтыс болып, тағы жүздеген тұрғын жарақат алған еді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай