100 мыңға жуық адам қаза табуы мүмкін бе? Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінің жаңа кадрлары

ПОДЕЛИТЬСЯ

100 мыңға жуық адам қаза табуы мүмкін бе? Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінің жаңа кадрлары Бейнеден алынған кадрлар

25 маусымға қараған түні Венесуэла жағалауында болған екі жер сілкінісінен кейін АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) табиғи апаттың ықтимал зардаптарын бағалады. PAGER жүйесінің алдын ала есептеулеріне сәйкес, құрбандар саны 10 мыңнан 100 мың адамға дейін жетуі мүмкін, ал экономикалық шығын айтарлықтай болуы ықтимал, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еl Nacional мәліметіне сілтеме жасап.


25 маусымға қараған түні Венесуэла жағалауында болған екі жер сілкінісінен кейін АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) табиғи апаттың ықтимал зардаптарын бағалады. PAGER жүйесінің алдын ала есептеулеріне сәйкес, құрбандар саны 10 мыңнан 100 мың адамға дейін жетуі мүмкін, ал экономикалық шығын айтарлықтай болуы ықтимал, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еl Nacional мәліметіне сілтеме жасап.

Қираған ғимараттар мен халықтың үрейі

Жер сілкінісінен кейін бірнеше сағат өткен соң желіде табиғи апаттың зардаптары түсірілген алғашқы кадрлар пайда бола бастады. Үрей туғызатын кадрлар Каракас, Валенсия, Пуэрто-Кабельо және Ла-Гуайрада түсірілген.

Кадрлардан жерге дейін қираған үйлерді көруге болады, үйінділердің астында адамдар қалып қойған.

Қазіргі уақытта қираған жерлерде құтқарушылар тобы жұмыс істеп жатыр.

Қираған ғимараттарды тазартуға жергілікті тұрғындар да кірісті. Олар үйінді астында қалғандарға өз беттерінше көмектесуге тырысып жатыр.

Radio Caracol мәліметінше, мұндай ауқымдағы апат кейінгі 40 жылдан аса уақыттан бері тіркелмеген, бұл биліктің зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі жұмысын қиындатып отыр.

La Patilla өз жарияланымдарында кейбір орындарда ауыр техниканың жетіспейтінін атап өтеді.

"Апат орнын жарықтандыру үшін тек бірнеше генератор бар", - деп жазады портал.

Сондай-ақ қираған үйлердің жанында жақындарының есімін айтып, олардың аман қалып, жауап беруін үміт етіп, жылап жүрген адамдардың бар екені айтылады.

Апат зардаптарының болжамы

АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) жер сілкінісі 10 мыңнан 100 мыңға дейін адамның өліміне әкеп соғуы мүмкін деп бағалады. Мұндай болжам PAGER жүйесінің алдын ала бағалауында берілген, сондай-ақ онда айтарлықтай экономикалық шығындардың болу ықтималдығы көрсетілген.

Адам шығыны мен экономикалық салдар ықтималдығына байланысты америкалық агенттік қауіптің "қызғылт сары" деңгейін енгізді. Бұл санат құрбандар мен материалдық залалдың айтарлықтай қаупін білдіреді, дегенмен бұл бағалау автоматтандырылған модельдерге негізделген және ресми статистика болып табылмайды.

USGS мәліметі бойынша, болжам топырақтың тербеліс қарқындылығын, қауіпті аймақтағы халық санын, сондай-ақ зардап шеккен аймақтағы ғимараттардың беріктігін ескере отырып жасалады. Бұл ретте 10 000–100 000 адам қаза табуы мүмкін деген сценарий модель аясында ең ықтимал деп есептеледі.

Айта кетейік, қаза тапқандардың саны туралы ресми мәлімет әлі жоқ. Әзірге түрлі аудандардан тек шамаланған деректер келіп түсіп жатыр. Мәселен, Ла-Гуайра штатында жергілікті биліктің ақпараты бойынша, 32 адамның қаза тапқаны тіркелген.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

TengriNews | Қазақстан жаңалықтары (@tengrinewskz) жарияланымы

Халықаралық көмек

Апаттан кейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Венесуэла халқына қолдау көрсетуді үйлестіру үшін табиғи апаттар кезінде көмек көрсету тобы мен арнайы жедел топтың дереу жұмылдырылатынын жариялады.

Мемлекеттік департаменттің жоғары лауазымды өкілі Джереми Левин АҚШ-тың апаттан кейінгі алғашқы күндері зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін іздестіру-құтқару топтарын, дәрі-дәрмек, гуманитарлық көмек және басқа да қажетті ресурстарды жіберетінін хабарлады.

"Мемлекеттік департамент Венесуэла халқына аса маңызды көмекті жеткізу мен үйлестіру үшін табиғи апаттар кезінде көмек көрсету тобы мен жедел топты жұмылдырып қойды", - деді Левин.

Венесуэладағы жер сілкінісі

Еске салайық, Венесуэлада 39 секунд аралығымен магнитудасы 7,2 және 7,5 балдық екі қуатты жер сілкінісі болды. Оның ошағы 10 шақырым тереңдікте, ал эпицентрі Мороннан оңтүстік-батысқа қарай 16 шақырым жерде орналасқан.

Кейінірек Венесуэланың өкілетті президенті Дельси Родригес биліктің төтенше жағдай режимін енгізетінін мәлімдеді.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.89   552.33   6.51 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +28
Ақтау +29
Ақтөбе +26
Атырау +30
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +29
П
Павлодар +26
Петропавл +29
С
Семей +31
Т
Талдықорған +31
Тараз +33
Түркістан +26
О
Орал +22
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер