23 жастағы мұғалім оқушыларымен жыныстық қатынасқа түскені үшін қамауға алынды

21 Қараша 2017, 16:12
0
23 жастағы мұғалім оқушыларымен жыныстық қатынасқа түскені үшін қамауға алынды - © life.ru
© life.ru

Огайо штатында 23 жастағы мұғалім Маделин Маркс мектептің екі оқушысын азғырғаны үшін қамауға алынды, - деп жазады L!FE.

Басылымның мәліметінше, Маделин Маркске кәмелетке толмағандарды азғырды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.

23 жастағы мұғалім орта мектепте екі жыл уақыт жұмыс істеген. New York Post мәліметінше, кейінірек оның бірден 17 және 16 жастағы оқушыларды азғырып жүргені анықталған. Осыған байланысты полицейлер мұғалімге оқушылармен көрісуге тыйым салған. Бірақ 23 жастағы мұғалім кінәсін мойындамай отыр. 

Сондай-ақ, оқушылардың бірінен оның жалаңаш суреттері табылған.

Полицияның мәліметінше, ол 17 жастағы оқушысын шілде айынан бастап, ал 16 жастағы оқушыны биыл қыркүйектен бастап азғырып келген. Мұның барлығы сабақтан тыс кезде болған. 23 жастағы мұғалімнің былтыр ғана университет аяқтағаны белгілі. Тергеу жүріп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай