08 наурыз 2017 11:36

8 наурыз тарихы: Күндер, есімдер және тең құқылы болу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қазақстанда және ТМД елдерінің көпшілігінде Халықаралық әйелдер күні тойланып жатыр. Осы күн әрқашанда мереке болды ма? Қазіргі жағдайы қалай? Ақпандағы революцияның не қатысы бар және кір жуғыш әйелдер көтерілісі туралы не білеміз? Осының барлығына Tengrinews.kz хронологиялық түрде жауап береді. 


Бүгін Қазақстанда және ТМД елдерінің көпшілігінде Халықаралық әйелдер күні тойланып жатыр. Осы күн әрқашанда мереке болды ма? Қазіргі жағдайы қалай? Ақпандағы революцияның не қатысы бар және кір жуғыш әйелдер көтерілісі туралы не білеміз? Осының барлығына Tengrinews.kz хронологиялық түрде жауап береді. 

1908 жылы 8 наурызда Нью-Йоркте мыңдаған әйел көшеге шықты. Олардың талабы еңбек саласында тең құқылы болуы - олар тәулігіне 14 сағат жұмыс істейтін, бірақ жалақыны 10 сағат үшін алатын болған. Сонымен қатар, олардың басты талабы сайлауда дауыс беру болды.

1909 жылы 28 ақпанда Американың социалисттік партиясы ақпанның соңғы жексенбісін әйелдер күні етіп бекітті. Бір жыл өткеннен кейін, әйелдердің құқығы үшін күресушілер Копенгагенде өткен Халықаралық конференцияға қатысты, онда Клара Цеткин мен Роза Люксембург Халықаралық әйелдер күнін бекітуді ұсынды. Олар бүкіл әлемдегі барлық әйелдердің шеруге шығып, өз мәселелерін елге жеткізуі үшін керек болды. 

Ресейде 1917 жылы Петроградта шерушілерге большевиктер қосылды. Жұмысшылардың ауыр қызметіне наразы болған көтерілісшілер соңында соғысқа қарсы болған жұмысшы таптың идеясына қосылды. 128 мың шеруші патша режиміне үлкен қауіп тудырды, жұмысшылар сол кезде қала орталығына өтіп, Невский даңғылы мен Қалалық думаға жеткен. Тарихшылардың ойынша, осының барлығы ақпандағы революция себеп болған. 1921 жылы II Коммунисттік әйел конференциясының шешімімен революцияға қатысқан әйелдердің құрметіне (еске алу үшін) 8 наурыз "Әйелдер күні" болып бекітілді. Осы түсінік ХХ ғасырдың 70-шы жылдарына дейін сақталған. 

Осы мерекенің қалыптасуына себепкер болған Клара Цеткин Саксония тумасы, ол ресейлік революционер-эмигрант Осип Цеткиннің жары. Көптеген жылдар бойы Францияның қудалауына болды. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін, ол Штутгарт қаласына қайтып келіп, әйелдерге арналған "Равенство" газетін шығарумен айналысады. Оның демеушісі Роберт Бош болған, ол электр құралдарын шығаратын концерннің құрылтайшысы. 30 жылдары кеңес үкіметі әйелдер қозғалысын түншықтыра бастады; әйелдер кәсіподақтары мен агитациялық үйірмелер жабыла бастады, әйелдер құқығын қорғау ұйымы деген тек формальды түрде қалды. 

1966 жылы Леонид Брежнев 8 наурыз күні демалыс күні ретінде жариялады. Бұл мереке әйелдерді мадақтау үшін, сұлулығына ерекшелеу үшін және Еуропа елдеріндегі Ана күні мерекесіне ұқсас болды. 8 наурыз экономикалық  түрғыдан өте тиімді болды, себебі сол күні әлем бойынша гүлдер, парфюмерия, әшекей-бұйымдар сатылымы жағынан рекордтар орнатып, Жаңа жыл мерекесімен теңесті. 

2017 жылы әйелдер конференциясының басты тақырыбы "Әйелдердің еңбек саласындағы өзгерістері. 2030 жылы Ғаламшар 50-50". Қозғалыстың символы - күлгін түсті лента

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети