16 сәуір 2020 09:59

99 жастағы ардагер коронавируспен күрес үшін 5 миллиард теңгеге жуық ақша жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS© Фото: REUTERS©

Ұлыбританияда 99 жастағы ардагер дәрігерлер үшін тоғыз миллион фунттан астам (4,8 миллиард теңге) қаржы жинады. Ол мұны ерекше акция арқылы жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


Ұлыбританияда 99 жастағы ардагер дәрігерлер үшін тоғыз миллион фунттан астам (4,8 миллиард теңге) қаржы жинады. Ол мұны ерекше акция арқылы жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Том Мур аяғы ауырғандықтан үйден шыға алмайды. Ол өзінің Twitter парақшасында 30 сәуірге дейін жүріс арбасының көмегімен 100 қадам жасайтынын жазды. Дәл сол күні Мур 100 жасқа толады. Жүретін жолының ұзындығы - 2,3 шақырым. Мүгедектігін ескерсек, Том Мур үшін оңай болмайтыны анық.

Ардагер ақшаны өткен аптада NHS Charities Together қайырымдылық қорының қызметкерлеріне алғыс білдіру үшін жинай бастапты. Бұл қор оған жаман ауруды және сынған аяғын емдеуге көмектескен. Басында ардагер бар болғаны 1000 фунт стерлинг жинауды ойлаған. Бірақ британиялық БАҚ капитан Мур дәрігерлерге көмектескісі келетіні туралы хабарлағанда, мыңнан миллион фунтқа дейін төрт күн ішінде қаражат жиналған. Мур мұны "таңғаларлық" деп атады.

16 сәуірде Нұр-Сұлтан уақытымен саған 01.00-ге дейін әлемде 458 мыңнан астам адам 9,15 миллион фунт (4,81 миллиард теңге) аударған және бұл ақша әлі де көбейіп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети