Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Boeing апаты: "қара жәшік" ұшаққа зымыранның тигенін растады

27 Шілде 2014, 17:03
0

Малайзиялық Boeing ұшағының "қара жәшігінен" алынған мәлімдемелер апаттың бортқа зымыранның тиюінен орын алғанын растады, деп хабарлайды америкалық CBS телеарнасы.

Бортта өздігінен жазба жүргізетін құрылғы әлі ашылған жоқ, алайда осы мәселеге жауапты еуропалық шенеуніктер "ұшаққа тиген зымыран дәл осы нысанды атып түсіру үшін іске қосылғанын" мәлімдеуде. Сарапшылардың пікірінше, Boeing ұшағы апатқа ұшырамас бұрын оның бортына үлкен көлемде жарылғыш заттың келіп тигенін растап отыр.

Malaysia Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақ жерден атылатын "Бук" зенитті-зымыранды кешенінен атылған. Ол кешеннен  ұшырылған кондырғы нысанға жақындағанда жарылып, нсынды жарқыншақтарымен-ақ жойып жібере алады. Телеарна мәліметі бойынша, өздігінен жазба жүргізетін құралдағы мәліметтер нақ осындай зымыранның жарылуы Boeing ұшағы апатқа ұшырауына себеп болған. Бұған дейін әскери сарапшылар ұшақ қалдықтарында зымыран жарқыншақтарының іздері болғанын айтқан болатын.

Еске саламыз, Boeing апаты шілденің 17-і күні Донецк облысы аумағында орын алған еді. Ол уақытта ұшақ бортындағы 298 адамның барлығы қайтыс болған еді. Амстердамнан Куала-Лумпурға бет алған әуелайнерінде 192 Нидерланд, 44 Малайзия, 27 австралиялық, 12 Индонезия, 10 британдық, төрт неміс, төрт бельгиялық, үш филиппин, бір канадалық және бір Жаңа Зеландия азаматы болған. Киев пен батыс елдері бұл апатқа "Донецк халықтық республикасы" мен Ресейді айыптап отыр. ДХР өкілдері болса өздерінде 10 мың метр биіктікте ұшатын ұшақты атып түсіретіндей құралдың жоқ екенін айтуда.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай