G20 саммитіне наразы болғандар Владимир Путин барған қонақүйге шабуылдаған

08 Шілде 2017, 11:08
0
G20 саммитіне наразы болғандар Владимир Путин барған қонақүйге шабуылдаған - © Reuters
© Reuters

G20 ("Үлкен жиырмалық") саммиті өтіп жатқан (7-8 шілде) Гамбургте жаһандануға қарсылар наразылық акциясына шықты. Жиналғандар полицейлерге шабуылдап, көліктер мен дүкен терезелерін шағып, Молотов коктейлін лақтырып, көшеге от қоюда. Әлем елдері көшбасшыларының қауіпсіздігі үшін қалаға 20 мың полицей тартылды. 


© Reuters/instagram

Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Facebook желісіне өртенген көліктердің видеосын жариялапты. "Мынау бүгінгі Гамбург. Сондағы әріптестер жіберген видеоны арнайы түсірмеген. Жолда көргендері. Көшелер соғыс алаңы болып барады... "Еуропалық бұзақылар" Гамбургты түтін тұмшалаған тозаққа айналдырған. Батыс медиасы осыны қолға алса болатын еді", - деп жазыпты ол. 

БАҚ мәліметі бойынша, наразылық танытушылар Владимир Путин, Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Ин Австралия премьері Малкольм Тернбулл барған қонақүйдің күзетшілеріне шабуылдаған. АҚШ-тың бірінші ханшайымы Мелания Трамп та ресми шараға кешіккен. Өйткені қауіпсіздік қызметі қонақүйден шықпауға кеңес берген екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай