NASA Жер шарына ең қауіпті астероидтың видеосын түсірді

04 Желтоқсан 2018, 13:43
0
NASA Жер шарына ең қауіпті астероидтың видеосын түсірді -

NASA ғарыш агенттігі Жер шарына қауіпті саналатын Бенну астероидын видеоға түсірді, - деп хабарлайды РИА Новости

Бенну астероидының толық айналуы OSIRIS-REx ғаламшараралық станцияның көмегімен түсірілген. Бұл құрылғы астероид топырақтарының түрлерін жеткізуге арналған. Аппарат екі жыл ішінде екі миллиард миль ұшқан. 

NASA өкілдерінің айтуынша, OSIRIS-REx астероидты бір жылдай зерттейді, сосын ғарыш зонды Бенну астероидының үлгілерін алады. Аппарат 2023 жылы қыркүйекте Жерге оралады деп болжанған. 

500 метр болатын Ғарыш денесін Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары ашқан. Астраномдардың есебі бойынша, астероид біздің планетамен 2182 жылы жақындайды. 2013 жылы Бенну Жер бетіне ең қауіпті нысан ретінде қарастырылған - оған дейін бұл атақты Апофис астероиды иеленген болатын. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай