Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

А321 бортында бомба жолаушы орындығының астына қойылған болуы мүмкін - БАҚ

18 Қараша 2015, 09:49
0
© РИА Новости
© РИА Новости

Ресейлік А-321 ұшағының Мысырда апатқа ұшырауының себебі болған бомба жолаушы орындығының астына қойылған болуы мүмкін, - деп хабарлайды "Коммерсантъ" дереккөздерге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, әуе кемесінің қирандыларын зерттеу кезінде федералдық қауіпсіздік қызметінің сарапшылары диаметрі бір метрдей болатын тесігі бар фюзеляжды тапқан, оның шет-шеттері сыртқа қарай майысып кеткен. Сарапшылардың пікірінше, мұнда сол ойық зауыттарда жасалатын жоғары бризантты жарылғыш заттың қолданылуынан пайда болған. 

"Жарылыс ошағы салонның соңында, артқы шпонгоуттары бар жерде болды делінеді. Алдын ала нұсқа бойынша, бомба жолаушының терезе алдындағы орындығының астына қойылған болып шығуы мүмкін. Оның іске қосылуы шпонгоуттың бұзылып, салонның герметизациясының бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін", - деп жазады басылым. 

Бастапқыда артқы бөлігі жұлынып кеткен ұшақ "әуеде бөлініп, ал ішіндегі адамдар қысымның шұғыл төмендеп кетуінен бір мезетте қаза тапқан". 

Сарапшылардың болжамына қарағанда, бомбаны ұшақ бортына Шарм-эш-Шейх әуежайының қызмет көрсету персоналының қызметкерлері алып кірген болуы ғажап емес. Мысалы, салон тазалаушылар немесе тамақ пен жүкті жеткізуші жұмысшылар. Сонымен қатар, жарылғыш заттың сағат механизмі де болуы мүмкін, егер рейс кешіктірілсе таймер ұшу алаңында жолаушыларсыз да жарылып кетуі мүмкін еді.

Еске салайық, Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ. Ал кеше, 17 қарашада Ресей ФҚҚ басшысы Александр Бортников ұшақтың апатқа ұшырауына терактінің себеп болғанын мәлімдеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай