29 желтоқсан 2020 08:37

Әблязов Ресейде 15 жылға сырттай сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әблязов. ©Ярослав Радловский Мұхтар Әблязов. ©Ярослав Радловский

Ресейде сот 58 миллиард рубльден аса ақшаны жымқырды деп айыптаған Мұхтар Әблязов пен "БТА Банктің" бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сырттай үкім шығарды. 173 миллиард рубльден аса сомаға азаматтық талап қанағаттандырылды, - деп хабарлайды РИА Новости РФ Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ресейде сот 58 миллиард рубльден аса ақшаны жымқырды деп айыптаған Мұхтар Әблязов пен "БТА Банктің" бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сырттай үкім шығарды. 173 миллиард рубльден аса сомаға азаматтық талап қанағаттандырылды, - деп хабарлайды РИА Новости РФ Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мәскеу қаласының Таган аудандық соты "БТА Банк" АҚ бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов, сол банктің басқарма төрағасы Роман Солодченко, сондай-ақ олардың қарамағанда жұмыс істеген Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенкоға қатысты қылмыстық іс бойынша сырттай үкім шығарды. Оларға РФ ҚК 159-бабы 4-бөлігі (алаяқтық), 174-бабы 3-бөлігі (қылмыс жасау арқылы иеленген мүлікті заңдастыру), сондай-ақ 165-бабы 3-бөлігінің "а", "б" тармағында (ұйымдасқан топ арқылы аса ірі көлемде шығын келтіру) қарастырылған қылмыстарды жасады деген айып тағылды", - делінген хабарламада.

Сот 2006-2009 жылдары банктің аталған қызметкерлері "БТА Банк" АҚ-дан 58 миллиард рубльден аса жымқырды деп анықтады. Мұндай мақсатпен ақшалай заем арқылы алынған жер учаскелерін кепілге қойып несие берген. Әрі қарай Әблязов аталған тұлғалармен бірлесіп, ипотека шартының қызметін заңсыз тоқтатуды ұйымдастырған. Нәтижесінде банк кепіл бойынша өтеп алу мүмкіндігінен айырылып қалды, ал олар мүлікті өз қалауынша рәсімдеген, оның ішінде үшінші тұлғалардың атына рәсімдеп, иемденген.

"Мемлекеттік айыптаушының позициясын ескере отырып, сот Әблязовті 15 жылға, Кононконы 10 жылға, Параскевичті 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ерещенко және Удовенко 13 жылға сотталды. Зардап шегушінің ("БТА Банктің") 173 миллиард рубльден аса сомаға мүлік залалының орнын толтыру туралы азаматтық талабы толық қанағаттандырылды", - делінген прокуратураның хабарламасында. 

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети