08 шілде 2015 15:51

Әблязовтің бұрынғы сыбайласы басшылық лауазымына тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© chaspik.spb.ru © chaspik.spb.ru

БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов жымқырған 3,3 миллиард долларды заңдастырды деп айыпталған және амнистияланған заңгер Елена Тищенко Украинаның Ішкі істер министрлігінде лауазымға ие болды. Бұл туралы Украинаның ІІМ басшысы Арсен Аваков Facebook желісіндегі парақшасына жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аваков қылмыстық жолмен алынған активтерді қайтару жөнінде басқарма құрғанын жазды. "Басқарманың басшысы болып Елена Тищенко тағайындалды. Жарқын, бірегей тұлға - алда тұрған міндеттерге тепе-тең. Мұндай мамандар санаулы. Бұл адам тиімді болады және бізге Украинадан заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға көмектеседі. (...) Бұл маман белгілі бір деңгейде жұмыс істеген. Тиісінше, оған өте беделді адамдар қарсы тұрды, зор мүмкіндіктерімен ол соққыға шыдады және нәтижелі болды", - деді ол.

Аваков Елена Тищенконың толық екі заңгерлік білімі бар халықаралық заңгер екенін хабарлады: украин және ағылшын.

Еске сала кетейік, Тищенко 2013 жылы 31 тамызда қолға түсті, ол Никосиядан (Кипр) Мәскеуге ұшып келгеннен кейін оны ресейлік оперативтік қызметкерлер ұстаған болатын. Тергеудің мәліметінше, заңгер БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің сенімді өкілі бола тұра, құрылымдық бөлімшені басқарған, Ресейде заңсыз алынған қаржыны заңдастырумен айналысқан.

2014 жылы қаңтарда Тищенконың экономикалық амнистияға түскені белгілі болды. Тищенко БТА банк 439 миллион доллар көлеміндегі шығынды өтеу туралы талап арызын қайтарып алғаннан кейін амнистияға тап болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети