15 қазан 2020 12:35

Әблязовтің сыбайласы босқын мәртебесінен айырылуы мүмкін - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:twitter.com/jardemalie Фото:twitter.com/jardemalie

Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Ботагөз Джардемали Бельгияда босқын мәртебесінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Brussels Post News.


Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Ботагөз Джардемали Бельгияда босқын мәртебесінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Brussels Post News.

"Бельгияда баспана берілген БТА Банкінің бұрынғы атқарушы директоры Ботагөз Джардемали Бельгияның әділет министрін "Қазақстан Үкіметімен оған қарсы сөз байласты" деп кінәлады. Осылайша Бельгияның Әділет министрлігі оған қарсы шабуыл жасап жатыр.

Le Soir мәліметінше, Ботагөз Джардемалидің қымбат пәтерінде жүргізілген тінту жұмыстары Ботагөздің бұрынғы бастығы Мұхтар Әбілязовтен ақша алғанын дәлелдеді. Сондай-ақ ол Ұлыбританияда Мұхтар Әбілязовтың мүлкі мен активтерін сот тұтқындауларынан жасырып, оффшорлық желі құрғаны үшін үлес алған. Ол Ұлыбританияның Жоғары сотына қарсы қастандық жасайтынын нақты білген", - деп жазады басылым.

Әблязов Францияда сот бақылауында

Айта кетейік, Қазақстанда Әбілязов БТА Банкінен 7 миллиард доллар ұрлағаны үшін 20 жыл, ал 2018 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Оған қоса, Әбілязовты Ресей мен Украина да ұрлық жасады деген күдікпен іздестіріп жатыр.

2008-2016 жылдар аралығында Мұхтар Әбілязовтің шетелдік банктердегі шоттары бойынша 666 миллион долларға 73 операция жасалды. Әблязов шоттары бойынша 73 транзакцияның 14-ін банктер күдікті деп белгіледі. Осы кезеңде Әбілязовқа барлығы 27 банктегі шоттар тиесілі болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети