19 маусым 2020 09:37

Адамдарда коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болмауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болмауы мүмкін, себебі онымен байланысты антиденелер тұрақсыз. Бұл - коронавирустан жазылып шыққандар оны қайтадан жұқтыруы мүмкін деген сөз. Мұндай шешімге қытайлық және америкалық ғалымдар келді, - деп хабарлайды South China Morning Post.

Ғалымдар жүргізген зерттеу бойынша, инфекция енді пайда болған кезеңде Уханда науқастармен байланыста болған дәрігерлер антидене қалыптастырғанын не қалыптастырмағанын анықтаған. 

Олардың ішінде 23 мың дәрігердің тек төрт пайызында иммунитет пайда болған. 

"Адамдарда ұзақ уақыт бойы коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болатынына кепілдік беретін антидене қалыптасуы екіталай", - делінген medRxiv.org порталында жарияланған мақаласында .

Ғалымдар зерттеу нәтижесіне сүйеніп, антиденені анықтауға тест тапсыру адам коронавирус жұқтырғанын анықтау үшін жеткіліксіз болуы мүмкін екенін айтады.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети