28 қаңтар 2020 15:31

Ағылшын тілін білмеген тұрғын қомақты қаражаттан қағылды

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

АҚШ тұрғыны ағылшын тілін білмегендіктен қомақты қаражаттан айырылды, - деп хабарлайды Lenta.ru.


АҚШ тұрғыны ағылшын тілін білмегендіктен қомақты қаражаттан айырылды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Массачусетс штатына қарасты Нью-Бедфорд қаласының тұрғыны Джоао Луис ДаПонте (Joao Luis DaPonte) лотереядан 4 милллион доллар (1 миллиард 524 миллион 748 мың теңге) ұтып алған. Алайда ол ағылшынша білмеген.

Ол португалша ғана сөйлепті. Лотерея ұтысының билетінде "4mil" деп жазылған. Бұл португальша "мың" деген сөзді білдіреді екен. Осылайша, Джоао Луис ДаПонте (Joao Luis DaPonte) 4 мың доллар ұтып алдым деп ойлаған.

Кейін ол өзінің ұтыс билетін танысы Мария Оливейраға (Maria Oliveira) беріпті. Тұрғын оған 200 доллар беруге уәде берген.

Джоао Луис ДаПонтенің айтуынша, оның танысы лотереяны ұйымдастырушыларға хабарласып, салықты қоса есептегенде 2,6 миллион доллар (991 миллион 86 мың 200 теңге) көлемінде ұтыс қаражатын алған. Ал досына тек 3,8 мың доллар (1 миллион 448 мың 510 теңге) ғана беріпті. Ал қалған қаражатты Мария Оливейра өзіне қалдырған. Мұны Джоао Луис ДаПонте досынан біліпті. Алайда Оливейра мұның барлығын жоққа шығарып отыр. Оның пікірінше, ол ұтыс қаражатын біреу үшін алмаған.

Қазіргі таңда Нью-Бедфорд қаласының тұрғыны таныстары Мария Оливейра (Maria Oliveira) және Сюзана Гаспарды (Susana Gaspar) сотқа берген. Джоао Луис ДаПонтенің айтуынша, олар ұтыс қаражатын заңсыз иемденіп алыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети