Үндістанда апатқа ұшыраған ұшақ жатақхананың төбесіне құлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ANI агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті полиция офицерінің айтуынша, ұшақ Ахмадабад әуежайының маңындағы дәрігерлерге арналған жатақхананың үстіне құлаған.
"Біз жолаушылар отырған ұшақтың дәрігерлерге арналған жатақхана ғимаратының төбесіне құлағанын білдік. Бірден, екі-үш минуттың ішінде полиция мен барлық басқа да қызметтер келіп жетті. Құтқару операциясы жалғасып жатыр, аумақтың 70-80 пайызы тазартылды", – деді полицей.
Еске салайық, 12 маусымда Air India әуекомпаниясына тиесілі Boeing 787 Dreamliner ұшағы Ахмадабадтан Лондонға ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырады.
Air India компаниясы мәліметінше, ұшақ бортында 242 адам болған. Оның 169-ы – Үндістан азаматы, 53-і – Ұлыбритания, 1 – Канада, 7 – Португалия азаматы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!