10 тамыз 2021 16:28

Ақ үй вакцинаны жарнамалау үшін TikTok жұлдызын жалдады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақ үй АҚШ-та COVID-19-ға қарсы вакцинаны жастар арасында танымал ету үшін TikTok блогерді жалдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Ақ үй АҚШ-та COVID-19-ға қарсы вакцинаны жастар арасында танымал ету үшін TikTok блогерді жалдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

TikTok әлеуметтік желісінде 845 мыңнан аса оқырманы бар Бенито Скиннер "Ақ үйдегі іс-тәжірибеден бір күн" атты видео түсірген. Видео Instagram және Twitter-де де жарияланды.

Онда блогер стажер Купердің рольін ойнайды. Қазіргі уақытта видео TikTok-та 2,5 миллионнан аса қаралым жинап үлгерген.

@bennydrama7

Kooper the (White House) intern wants SHOTS? IN ? ARMS ? Head to vaccines.gov for more information! WE DID IT, JOE! #vaccinated #vaccinatedfor

♬ National Anthem - Lana Del Rey

Тағы бір видеосында блогер "Біз мұны жасадық, Джо" деп айғайлайды. Бұл видеода блогер вице-президент Камала Харрис АҚШ президенті Джо Байденге қоңырау шалып, оны сайлаудағы жеңісімен құттықтаған сәтін қайталаған. Видео бұған дейін Желіде танымалдыққа ие болған еді.

Ақ үй өкілінің айтуынша, Скиннер халықты вакциналауға өте жауапты қарайды және жастар арасында танымал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети