26 ақпан 2014 | 14:47

АҚШ 16 қазақстандыққа қатысты тергеуді құпия ұстайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Федералдық тергеу бюросы Америкада айыпталып жатқан 16 қазақстандыққа қатысты тергеуді құпия күйінде қалдырады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Жанболат Үсенов хабарлады. "Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігі қызметкерлері бұл мәселені бақылауда ұстап отыр және Федералдық тергеу бюросымен, АҚШ Мемлекеттік департаментімен байланыста. Бірақ бұл істің жабық сипатын ескере отырып, тергеу әрекеттері аяқталғанша ол туралы ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Үсенов. Бұған дейін Америкада ірі алаяқтық дерегін жасағаны үшін 16 қазақстандықтың айыпталып отырғаны хабарланған болатын. Олар тағы 13 америкалықпен бірге 2000-нан астам адамның жеке мәліметтерін алып, солардың атынан салық органынан артық төленген төлемдерді талап еткен. Салық басқармасы алаяқтарға 7 млн доллар төлепті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети