26 қазан 2014 15:20

АҚШ әскерлеріне "дәстүрлі емес" соғысқа дайын тұруға бұйрық берілді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пентагон. Фото РИА новости© Пентагон. Фото РИА новости©

"АҚШ - тосыннан келетін шабуылға дайын тұрулары керек. Өйткені іштен іріткі салушылар бүлікшілерді үкіметке қарсы қоюлары әбден мүмкін", - деп қауіптенеді екен Ақш-тың арнайы операциялар командованиесі (USASOC). Осындай ақпарат таратқан РИА Новости Defense News басылымына сілтеме жасап отыр.

Бұл туралы командованиенің жаңа ресми құжатында айтылса керек. Оның авторларының ойынша, мұндай соғысқа Ресей мен Иран түрткі болулары ғажап емес. Құзырлы сала осындай тұтқиылдан келетін күшке қарсы тұру үшін "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған құзыраралық, үкіметаралық және халықаралық стратегиялық" әдістердің көмегіне жүгінуді ұсынып отыр. "Сонда біз қарсыласымыздың саяси, экономикалық және әскери, сонымен қатар, психологиялық қысымына төтеп бере аламыз"деп санайды сөз болып отырған сала.

Бұл құжатта сондай-ақ, АҚШ-тың әскери саласының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі айрықша көрсетілген. Және де "бюджеттік мерзім" қарсаңында қауіп-қатердің үдей түсу мүмкіндігі жазылған. Айта кетейік, БАҚ-тар жуырда "АҚШ-тың қорғаныс саласына бөлетін қаржысы қысқарады", - деп жарыса жазған еді.

Қосымша айтарымыз, АҚШ-тың Қорғаныс министрі Чак Хейгел осыдан біраз уақыт бұрын елді ресейлік әскерлердің лаңкесшіл тобына қарсы тұруға дайын болуға үндеген-ді. Оның сөзіне қарағанда, "олар НАТО-ның табалдырығында тұр".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети