07 қыркүйек 2021 09:30

АҚШ Ауғанстаннан әскері шығарылғаннан кейін алғаш рет эвакуация жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ адамдарды эвакуациялау бойынша әскери операция аяқталғаннан кейін алғаш рет төрт америкалық азаматты Ауғанстаннан жерүсті жолымен шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.


АҚШ адамдарды эвакуациялау бойынша әскери операция аяқталғаннан кейін алғаш рет төрт америкалық азаматты Ауғанстаннан жерүсті жолымен шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы төтенше келіссөздер жүргізу үшін Катарға келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің жанындағы Мемлекеттік департамент өкілі мәлімдеді.

"Бұл Мемлекеттік департаменттің көмегімен жүргізілген алғашқы жерүсті эвакуациясы", - деді шенеунік, бірақ америкалықтардың қай елдерден өткенін, қайда келгені айтылған жоқ.

Департамент өкілі тәліптердің бұл қозғалыс туралы білетінін және оған араласпағанын айтты.

"АҚШ азаматы мен оның балалары Ауғанстаннан сәтті шықты, жерүсті жолмен оларды көршілес мемлекеттің шекарасында америкалық дипломаттар қарсы алды", - делінген хабарламада.

Блинкен Катарға Дохадағы көшбасшылармен дағдарыс бойынша, тәліптердің билікті басып алуына қарсы қалай күресуге болатыны туралы келіссөз жүргізу үшін келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.55   490.7   4.98 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети