1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

АҚШ Гонконгке байланысты Қытайға санкциялар енгізбек

© REUTERS © REUTERS

АҚШ сенаторлары Гонконгте жаңа заңдар жүйесін дайындау мен жүзеге асыруға қатысты Қытай Коммунистік партиясы мен қытайлық ұйымдарының функционерлеріне қарсы санкциялар туралы екі партиялы заң жобасын дайындады, - деп хабарлайды Wall Street Journal.

Сенатор-демократ Крис Ван Холлен және оның әріптесі республикалық Пэт Туми санкциялар туралы заң жобасын енгізу жөнінде жұмыс істегенін мәлімдеді, бірақ Қытайдың жаңа заң жобасы туралы хабарламасы оларды ойландырған. Олардың Сенат көшбасшыларын бұл мәселені еш қиындықсыз қарастыруға сендіруге тырысамыз деп отыр.

"Біз Қытайдың Гонконгтегі заңсыз жазалау шараларына қатысы бар адамдарды жазалаймыз", - деді Ван Холлен.

Бұған дейін 22 мамырда халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиынында Гонконгте бүлік әрекеті және сепаратистік қызметке тыйым салуды қарастыратын заң жобасы шығарылатыны мәлім болған. 

1992 жылғы заңға сәйкес, Вашингтон бұл ерекше әкімшілік аудан Бейжіңнен жоғары деңгейде дербес екеніне сенсе, АҚШ ҚХР-дан бөлек Гонконгпен неғұрлым қолайлы сауда режимін қолдайды.

АҚШ Қытай-Британиялық бірлескен декларациясы және Негізгі заң кепілдік беретін Гонконгтің автономиясы мен еркіндігін қозғайтын, ҚХР-дың кез келген шешімдері Вашингтонның "Бір ел, екі жүйе" келісімін және осы аумақтың мәртебесін бағалауына "сөзсіз әсер етеді" деп мәлімдеді. Бейжің АҚШ-тың айтқан сынын қабылдамады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!