АҚШ Иранға бара жатқан танкерге зымыранмен соққы жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Иранға бара жатқан танкерге зымыранмен соққы жасады Фото: x.com/CENTCOM

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) америкалық әскерилер Иранға бет алған мұнай танкерін істен шығарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Тиісті мәлімдемені CENTCOM Х әлеуметтік желісінде жариялады.

"АҚШ Қарулы күштері 15 шілдеде Парсы шығанағындағы Иран портына бет алмақ болған жүксіз мұнай танкерін істен шығару арқылы Иранға қарсы теңіз блокадасы режимінің сақталуын қамтамасыз етті", - деп хабарлады қолбасшылық.

CENTCOM күштері халықаралық су айдынында Харк аралына қарай бағыт алған Кюрасао туы астындағы M/T Belma танкерін анықтағаны нақтыланды.

"Коммерциялық кеме АҚШ орнатқан теңіз блокадасын бұзуға әрекеттеніп, бірнеше ескертуді елеусіз қалдырды. Америкалық ұшақ кеменің түтін мұржасына Hellfire зымырандарын атып, оны істен шығарды. Кеме енді Иран жаққа қарай қозғалып жатқан жоқ", - делінген пресс-релизде.

АҚШ Қарулы күштері 14 шілдеде Иран порттары мен жағалау аймақтарына баратын немесе одан шығатын кемелерге теңіз блокадасын қайта бастады. Алғашқы тәулікте әскерилер америкалық тараптың талаптарын орындаған екі коммерциялық кеменің бағытын өзгертті.

Орталық қолбасшылық Иранға қарсы тәулік ішіндегі екінші соққылар толқынын аяқтағанын хабарлады. АҚШ Иранның командалық орталықтарына, әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандарына, зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттарына шабуыл жасады.

Бірнеше аудандағы, соның ішінде Бендер-Аббастағы нысандарды жою үшін CENTCOM жоғары дәлдікті қару қолданды.

Бірнеше сағат бұрын америкалық әскерилер 90 минуттық соққылар сериясы барысында Үлкен Томб аралындағы жағалау қорғанысы нысандары мен қанатты зымыран позицияларына шабуыл жасаған болатын.

Еске сала кетейік, Америка Құрама Штаттары мен Иран арасындағы ахуал бес күннен бері өршіп тұр.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +24
Ақтау +28
Ақтөбе +24
Атырау +26
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +35
Қызылорда +28
П
Павлодар +21
Петропавл +32
С
Семей +32
Т
Талдықорған +33
Тараз +34
Түркістан +23
О
Орал +29
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер