14 мамыр 2015 16:32

АҚШ Жерге жақындап келе жатқан үлкен астероидты бақылауға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© epochtimes.ru © epochtimes.ru

АҚШ-тың ғарыш орталығы жерге жақындап келе жатқан үлкен астероидты бақылауға алды, - деп хабарлайды 24.kz epochtimes.ru басылымына сілтеме жасап.


АҚШ-тың ғарыш орталығы жерге жақындап келе жатқан үлкен астероидты бақылауға алды, - деп хабарлайды 24.kz epochtimes.ru басылымына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, ғаламшарымызға диаметрі шамамен 1,3 шақырым болатын үлкен астероид жақындап қалды. Бірақ ғалымдар оның Жермен соқтығысу ықтималдығының өте аз екенін айтып отыр.

"НАСА мамандары астероидтың ғаламшарымызға бұрын-соңды жақын таяп келген аспан денелері ішіндегі ең үлкені екенін айтты. Сарапшылардың мәлімдеуінше, егер ол Жермен соқтығыса қалған жағдайда, ғаламшардағы халықтың бестен бір бөлігі қырылуы мүмкін екен. Қазір қауіпті аспан денесінің қозғалысын АҚШ-тың Кеннеди атындағы ғарыш орталығы бақылауға алған", - делінген жарияланымда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жерге қарай 40 метрлік астероидтың жақындап келе жатқаны хабарланған болатын. Оның Жердің бетімен соқтығысуы үлкен қирандылар туғызады. Қазіргі уақытта астероид жерден 95 мың шақырым қашықтықта. Дегенмен, оның ғаламшарымызға соғылу мүмкіндігі миллионның біріндей ғана.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети