24 маусым 2021 14:10

АҚШ қорғаныс министрі келесі соғысқа дайын болу керек екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: army.mil Фото: army.mil

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Конгресс өкілдері палатасының әскери істер жөніндегі комитетінде елдің жаңа соғыстарға дайын болу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі америкалық әскери ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пентагон басшысы АҚШ-тың жаңа соғыстарға қатысуы қорғаныс бюджетіне 2022 жылға арналған ұсыныс дайындау кезінде есепке алынғанын айтты.

"Қорғаныс министрлігі бәсекелестермен қатар жүріп, қажет кезде соғысып, жеңіске жетуі қажет", - делінген министр хабарламасында.

Ллойд Остиннің айтуынша, "Тынық мұхиттық тежеу" бастамасы үшін бюджетке 5 миллиард доллар салынған. Бұл Қытайға көбірек көңіл бөлу қажеттігімен байланысты.

Остин бюджетті құру кезінде назарға алынған басты міндет ретінде "Ресейдің дұшпандығына, әсіресе киберкеңістікке, қарсы тұруды" атады. Киберкеңістіктегі операция мен киберқауіпсіздікке 10 миллиард доллар бөлу қарастырылып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети