25 қазан 2022 13:43

АҚШ Мемлекеттік хатшысы қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстан туралы айтып, Қазақстан халқын мемлекеттік мереке - Республика күнімен құттықтады., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстан туралы айтып, Қазақстан халқын мемлекеттік мереке - Республика күнімен құттықтады., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Америка Құрама Штаттарының атынан Қазақстан халқын жақында жарияланған 25 қазан - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. АҚШ Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығына бейілділігін қуаттайды және алдағы жылдары қарым-қатынасымыз одан әрі нығая түсетініне үміттіміз", - делінген хабарламада.

Блинкен Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері ядролық қаруды таратпау, қарусыздану және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы күш-жігерді ілгерілететін жаһандық диалогтың көшбасшысы болып келе жатқанын атап өтті.

"АҚШ Қазақстанның реформалық күн тәртібін толықтай қолдайды және олардың нақты, айқын әрекеттер арқылы тұтастай жүзеге асырылуын мақұлдаймыз. Қазақстан Орталық Азия жүрегiнде экономика және коммерцияда бағалы серіктес болып табылады және біз оның өңірдегі ортақ мақсаттарға жетудегі белсенді рөлін бағалаймыз.

АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды және біз Қазақстан халқымен 31 жылдық берiк достығымызды мақтан тұтамыз", - деп толықтырды Мемлекеттік хатшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети