АҚШ пен Иран арасындағы даулы келіссөздер фонында мұнай бағасы күрт көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ пен Иран арасындағы даулы келіссөздер фонында мұнай бағасы күрт көтерілді Фото:depositphotos.com

Дүйсенбідегі сауда-саттық барысында АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздерге қатысты белгісіздік аясында мұнай бағасы шамамен 6 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Дүйсенбідегі сауда-саттық барысында АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздерге қатысты белгісіздік аясында мұнай бағасы шамамен 6 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 5,64 пайызға өсіп, барреліне 95,48 долларға жетті. Америкалық West Texas Intermediate мұнайы 6,87 пайызға қымбаттап, 89,61 долларды құрады.

Жұма күні Иран Ормуз бұғазы арқылы барлық коммерциялық кемелердің өтуі атысты тоқтату кезеңі аяқталғанға дейін ашық болатынын мәлімдеген соң қос келісімшарт бағасы 9 пайызға төмендеген еді.

Өткен демалыс күндері АҚШ қоршауды бұзып өтпек болған ирандық жүк кемесін қолға түсірді, ал Иран қарымта әрекеттерге дайын екенін мәлімдеді. Бұл соғыс қимылдарының қайта басталуы туралы қауіпті күшейтті.

АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге Иранмен арадағы бітім аяқталған жағдайда "жаппай бомбалау" болуы мүмкін екенін хабарлады. Саясаткер мұның қашан және қай жерде болатынын нақтыламады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 468.29   549.25   6.22 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер