29 шілде 2022 14:18

АҚШ "Путиннің аспазы" Евгений Пригожин туралы ақпаратқа сыйақы берілетінін жариялады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Евгений Пригожин. Фото: © РИА Новости/Алексей Филиппов Евгений Пригожин. Фото: © РИА Новости/Алексей Филиппов

АҚШ Мемлекеттік департаменті АҚШ сайлауына шетелдік араласу болғаны туралы ақпаратқа 10 миллион долларға дейін сыйақы берілетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ Мемлекеттік департаменті АҚШ сайлауына шетелдік араласу болғаны туралы ақпаратқа 10 миллион долларға дейін сыйақы берілетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марапат кез келген шетелдік тұлғаны, соның ішінде АҚШ сайлауына саналы түрде қатысқан немесе араласқан шетелдік тұлғаны анықтауға көмектесетін ақпаратқа беріледі. Ол мемлекеттік Әділет департаментінің "Әділет үшін сыйақы" (Rewards for Justice) бағдарламасында қарастырылған.

"Департамент "Интернет-зерттеулер агенттігі" ЖШҚ (IRA), Евгений Викторович Пригожин және олармен байланысты ресейлік ұйымдар мен серіктестерінің АҚШ сайлауына араласуы туралы ақпарат іздейді.

IRA  - саяси араласу және сайлауға араласумен айналысатын ресейлік ұйым. 2014 жылы IRA АҚШ-тың саяси жүйесіне, оның ішінде 2016 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласу операциясын бастады, стратегиялық мақсат - алауыздықты тудыру. IRA бірнеше ресейлік компаниялар арқылы жұмыс істеді, соның ішінде "Интернет зерттеулер" ЖШҚ, "МедиаСинтез" ЖШҚ, "Главсеть" ЖШҚ, "МиксИнфо" ЖШҚ, "Азимут" ЖШҚ және "НовИнфо" ЖШҚ", - делінген ведомство сайтында.

Мемлекеттік департамент мәліметінше, Евгений Пригожин Ресей азаматы саналады, ол өзі басқаратын "Конкорд Менеджмент и Консалтинг" ЖШҚ және "Конкорд Кейтеринг" ("Конкорд") компаниялары арқылы IRA-ны қаржыландырған.

АҚШ Мемлекеттік департаменті IRA, Евгений Пригожин және олармен байланыстырылған ресейлік ұйымдар және/немесе сайлауға араласуға қатысы бар тұлғалар туралы ақпараты бар кез келген адамды Rewards for Justice кеңсесіне хабарласуға шақырады.

Rewards for Justice - АҚШ Мемлекеттік департаментінің дипломатиялық қауіпсіздік қызметі басқаратын бағдарлама. 1984 жылы құрылғаннан бері бұл бағдарлама АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатерлерді жоюға көмектесетін ақпарат берген дүниежүзіндегі 125-тен аса адамға 250 миллион доллардан аса ақша төлеген.

Евгений Пригожин - ресейлік кәсіпкер, ресторатор, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының иесі. Пригожиннің компаниясы Ресейде мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларын тамақтандырумен айналысқан, соның арқасында оны БАҚ-та "Путиннің аспазы" деп атайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети