04 тамыз 2022 10:40

АҚШ Сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру өтінішін мақұлдады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ Сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО әскери-саяси блогына кіру өтінішін мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


АҚШ Сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО әскери-саяси блогына кіру өтінішін мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, 100 сенатордың 95-і бұл елдердің НАТО-ға мүше болуын қолдаса, біреуі қарсы дауыс берген. Сенаттың мақұлдауын алу үшін кемінде 67 дауыс қажет болған. АҚШ президенті Джо Байден Сенаттың екі елдің альянсқа кіруін мақұлдау шешімін құптап, сенаторларға процесті жылдам жүргізгені үшін алғыс айтты.

"Бұл тарихи дауыс беру АҚШ-тың НАТО-ға деген тұрақты екіжақты міндеттемесінің және одақтың бүгінгі және ертеңгі сын-қатерлерге төтеп беруге дайын болуының маңызды белгісі", - деді Байден Ақ үйдің веб-сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Америкалық көшбасшының айтуынша, Финляндия мен Швецияның альянсқа қосылуы оның ұжымдық қауіпсіздігін одан әрі нығайтады.

Екі партияның сенаторлары екі елдің мүшелігін қолдап, оларды әскері НАТО-мен тығыз байланыста жұмыс істейтін маңызды одақтастар деп атады.

"Осы екі демократиялық елдің біліктілігі керемет және НАТО альянсын нығайтуға қызмет етеді", - деді сенатор Боб Менендес.

Еске салайық, мамырда осы екі ел НАТО-ға мүше болуға өтініш берген еді. 

Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру өтініші мақұлданды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети