04 наурыз 2014 08:59

АҚШ сенаты Ресейге қарсы санкция енгізбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АҚШ сенаты соңғы кезде орын алған Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы санкция енгізу мәселесін қарады. Бұл туралы АҚШ сенаты мен мемлекеттік департаментінің өкілі мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап. "Біз Ресейге қарсы тек санкция енгізу мәселесін ғана қарап жатқамыз жоқ. Ең бастысы, біз оны енгізуіміз мүмкін" дейді мемлекеттік департамент өкілі Джен Псаки. Сенаттағы еуропа мәселесімен айналысатын төменгі комитет төрағасы Крис Мерфи, өз кезегінде, "сенат ресейлік банктерге қарсы санкция енгізуі, әкімшілікті ресейлік мемлекеттік мекемелер мен жеке инвесторлардың активтерін тоқтатуға және Ресей азаматтарына виза беруді шектеуге шақыруы мүмкін" деді. Бірақ, оның сөзінше, егер бұл санкцияға ЕО қосылмаса, Ресейге қарсы біржақты санкция тиімді бола қоймайды. Бұған дейін АҚШ билігі Ресейдің Украинаға әскер кіргізуі мүмкін екенін бірнеше рет айтып, өзінің алаңдаушылығын білдірген болатын. АҚШ мемлекеттік департаментінен Джон Керридің айтуынша, АҚШ және бірқатар елдер халықаралық аренада Ресейді толықтай оқшаулауға дайын. Ол сондай-ақ ресейлік бизнестің активтері тоқтатылып, америкалық бизнестің Ресейден кетуі ықтимал екенін және бұл рубльдің құлдырауына соқтыруы мүмкін екенін ескертті. Ал Ресей СІМ АҚШ мемлекеттік хатшысы тарапынан айтылған қоқан-лоққының лайықсыз екенін жеткізді. Ресей СІМ "мемлекеттік хатшы жағдайды әділ бағаламай, "суық соғыс" штампымен әрекет етіп отыр" деп айыптады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети