18 ақпан 2021 10:49

АҚШ Солтүстік Корея хакерлерін 1,3 миллиард доллар ұрлады деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

АҚШ прокуратурасы Солтүстік Кореяның үш азаматын киберқылмыс жасады және 1,3 миллиард доллардан аса қаржы ұрлады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігі сайтына сілтеме жасап.


АҚШ прокуратурасы Солтүстік Кореяның үш азаматын киберқылмыс жасады және 1,3 миллиард доллардан аса қаржы ұрлады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігі сайтына сілтеме жасап.

Айыптауда 31 жастағы Джон Чан Хек, 27 жастағы Ким Ир және 36 жастағы Пак Чин Хек кибершабуыл жасаған кезде Корея Халық Демократиялық Республикасының (КХДР) әскери барлау қызметінде жұмыс істегені айтылған. Сондай-ақ, 1,3 миллиард доллардан аса қаржыны ұрлау үшін блокчейн платформалары нарығында алаяқтық жасауға арналған көптеген зиян қосымша жасады деп айыпталғаны хабарланды.

АҚШ билігі хакерлер қылмыстық әрекет пен кибершабуылды, Sony Pictures Entertainment-ке 2014 жылғы қарашада Солтүстік Корея көшбасшысы өлімін бейнелейтін "сұхбат" фильміне жауап ретінде әдейі жасағанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде олар 2017 жылғы мамырда бопсалауға арналған WannaCry 2.0 бағдарламасын құруға қатысқаны және Ұлыбритания ұлттық денсаулық сақтау қызметіне соққы бергені айтылған.

Сонымен қатар, хакерлерді Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, Мексика және Африкадағы банктердің қауіпсіздік жүйесін бұзып, 2018 жылғы наурыздан 2020 жылғы қыркүйекке дейін зиян қосымшаларды орналастырды деп айыптады.

КХДР үкіметі үш хакер де мемлекетке жұмыс істегенін хабарлады. Бірақ, басқа елдерде де, соның ішінде Қытай мен Ресейде болғанын айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ барлау агенттіктері Ресейді АҚШ федерал үкіметіне ауқымды хакерлік шабуыл жасады деп айыптаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети