13 наурыз 2014 22:46

АҚШ соңғы 25 жыл ішінде бірінші рет стратегиялық мұнай қорын сатуға кірісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет neftegaz.ru сайтынан алынды Сурет neftegaz.ru сайтынан алынды

АҚШ-тың энергетика министрлігі соңғы 25 жылдың ішінде бірінші рет статегиялық қор ретінде сақтап келген мұнайын сататынын жариялады, - деп хабарлайды Agence France-Presse. 4 наурызда АҚШ 5 миллион баррель мұнайын сатуға шығармақ. Ал, бұл елдің статегиялық қорындағы мұнайдың жалпы мөлшері 700 миллион тонна. Америкалықтар стратегиялық қордағы мұнайды саудаға шығарудың Украинаға еш қатысы жоқ екенін айтса да, мамандар Вашингтонның бұл қадамын Мәскеуге энерготасымалдау нарығында өз ықпалын жүргізе алатындығын көрсету деп бағалауда. Deutsche Welle таратқан хабарда, АҚШ өз жоспарын жариялағаннан кейін, мұнай бағасы екі пайызға дейін төмендеген. The Financial Times газеті таратқан мәлімет бойынша, АҚШ Ресейдің негізгі экспортын құрайтын күкірті басым мұнайды саудаға шығарып отыр екен. Айта кетейік, ертеректе америкалық мұнай сатушылар Украина мен Еуропаны Ресейлік көмірсутектерге тәуелділіктерін төмендетуге шақырған болатын. Ал, РИА Новостидің хабарлауынша, кейбір сарапшылар АҚШ-тың статегиялық қорындағы мұнайын сатуы Украинадағы дағдарысты және Батыс пен Ресей арасындағы жағдайды ушықтыру үшін жасалып отырған "саяси ойын" деп отыр. Олардың ойынша, бұл қадам әлемдік нарықтағы "қара алтынның" құнының өсуіне септігін тигізе алмайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети