15 қараша 2016 | 15:47

АҚШ-та адамды тірідей шірітетін "зомби дерті" анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© The Uniformed Services at USU © The Uniformed Services at USU

АҚШ-та "зомби дерті" аталып кеткен, адам тірідей шіри бастайтын дерт тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл дерт Америкаға Ирак пен Ауғанстаннан келген, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та "зомби дерті" аталып кеткен, адам тірідей шіри бастайтын дерт тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл дерт Америкаға Ирак пен Ауғанстаннан келген, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Ирак пен Ауғанстаннан келген әскерилер, Орталық және Оңтүстік Америкаға саяхаттайтын экотуристер жұқпалы ауруды таратушылар болып келеді.

"Бұл дерттің тері мен сілекейде қабынуы сұрықсыз тыртықтардың пайда болуына әкеледі, ал оның ағза ішіндегі түрі өмірге қауіпті, сондықтан уақытында диагностика жасау және оны дұрыс емдеу жолдары өміріңіз үшін маңызды", - дейді Бестедтегі Әскери-медициналық университеттің маманы Наоми Аронсон.

Ғалымдардың айтуынша, бұл аурудың салдарынан адам денесі шіріп, бөлініп түсіп қалады. Оның үстіне бұл адамның бетінен басталады екен. Мұның алдында шетелдік БАҚ-та құпия дерт Сирияның ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымы басып алған аумақтарында да таралып жатқаны туралы хабарланған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети