31 тамыз 2018 10:18

АҚШ-та Ельцин мен Клинтонның Путин туралы айтқан әңгімелері жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцин 1999 жылы қыркүйекте америкалық әріптесі Билл Клинтонға Владимир Путинді өзінің ізін басушы етіп таңдағанын айтқан. Оған Билл Клинтонның кітапханасының сайтында жарияланған Ресей мен АҚШ басшыларының телефон арқылы айтқан әңгімесі дәлел бола алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"2000 жылы ресейлік президент кім болады дегенді ойлау үшін маған көп уақыт керек болды. Өкінішке қарай, сол кездегі адамдардың ішінен бір де бір кандитатты таба алмадым. Аяғында соған тоқтатым, ол Путин", - деді Ельцин Клинтонға 1999 жылы 8 қыркүйекте.

Оның айтуынша, ол Путиннің өмірбаянын, қызығушылығы мен байланыстарын зерттеген. "Мен оның өз жауапкершілігі саласындағы істі білетін, сенімді адам екенін түсіндім. Сонымен қатар, ол байсалды әрі мықты, өте көпшіл... Оны 2000 жылы кандидат ретінде қолдайды деп сенемін", - деді Ельцин.

Сол жылы 19 қарашада болған тағы бір әңгіме барысында - Ельцин РФ президенті лауазымынан кететіні туралы мәлімдеме жасамастан бір жарым ай бұрын - ол Путиннің президент болатынына сенетінін айтқан. "Әрине, Путин. Ол Ельциннің ізбасары болады. Ол демократ және Батысты біледі", - деді ол Клинтонның сайлауда кім жеңеді деген тікелей сұрағына жауап беріп.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети