22 сәуір 2020 09:49

АҚШ-та коронавирустың бұдан да ауыр кезеңі болады деп болжанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) басшысы Роберт Редфилд Washington Post басылымына берген сұхбатында АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны алдағы қыста бұдан да қатты болуы мүмкін екенін айтты. Себебі бұл кезең тұмау эпидемиясының басталуымен қатар келеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Алдағы қыста вирустың біздің елге шабуылы қазір өткеннен әлдақайда ауыр болуы мүмкін... Бізде тұмау эпидемиясы мен коронавирус эпидемиясы бір уақытқа келіп қалады", - деді Редфилд.

Оның айтуынша, екі респираторлық аурудың өршуі денсаулық сақтау саласы үшін "ақылға қонымсыз жүк" болады.

Айта кетейік, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 800 мың адамнан асты. Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне қарағанда, ауру жұқтырғандар саны 810 561 адамға жетті, 43 630 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети