15 мамыр 2022 10:20

АҚШ-та супермаркетте ер адам атыс шығарып, 10 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS/Joshua Lott© REUTERS/Joshua Lott©

Американың Буффало қаласында 10 адам қаза болды, онда белгісіз адам супермаркет пен оның маңында оқ жаудырды. Бұл туралы жергілікті Buffalo News басылымы жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Американың Буффало қаласында 10 адам қаза болды, онда белгісіз адам супермаркет пен оның маңында оқ жаудырды. Бұл туралы жергілікті Buffalo News басылымы жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәліметінше, тағы үш адам зардап шеккен, олардың екеуінің жағдайы ауыр.

Полиция бұған дейін оқ жаудырған адамды ұстағанын хабарлаған болатын. 

Buffalo News сенбіде қаладағы супермаркеттердің біріне шабуыл жасаған атқыш камуфляж киім, каска, бронжилет киіп, автоматты винтовка қолданғанын жазды. "Автотұрақтан бес адамның денесі табылды", - деп жазды басылым.

Құқық қорғау органдары қылмыскер мұндай әрекетке не себепті барғанын анықтап жатыр, онда бейнекамера болғанын айтады, ол әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізген болуы мүмкін.

Кейінірек қала билігі Буффалодағы тұрғындарға оқ жаудырған адамға терроризм бабы бойынша айып тағу мүмкіндігін зерттеп жатқаны белгілі болды, бұл туралы өңірлік прокурор Джон Флинн баспасөз мәслихатында айтты.

Флинн атқышқа бірінші дәрежедегі адам өлтіру бабы бойынша айып тағылғанын, бұл бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылатынын атап өтті.

"Ол (атқыш - авт.) қамауға алынды. Судья сот-медициналық сараптама тағайындады. Қылмыстық іс бойынша тыңдау бес күннен кейін өтеді. Содан кейін тергеу жалғасады", - деді Флинн баспасөз мәслихатында.

"Алғашқы айып тағылды. Қазір біз терроризм, кісі өлтірді деген тағы басқа айыптардың ықтималдығын тексеріп жатырмыз, сондай-ақ федерал үкіметтегі серіктестеріміз де бірге жұмыс істеп жатырмыз, олар да айып тағуы мүмкін", - деді прокурор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети