31 наурыз 2023 08:00

АҚШ-тағы қазылар алқасы Трампқа айып тағу үшін дауыс берді - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Нью-Йорктегі үлкен қазылар алқасы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты айыптау бойынша дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.


Нью-Йорктегі үлкен қазылар алқасы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты айыптау бойынша дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Бұл Америка тарихында қазіргі немесе бұрынғы президенттің бірінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылуы екені атап өтілді.

Трамп Сторми Дэниэлске 130 мың доллар берді және оның сайлау науқанындағы қаржысын бұзды деген күдікке ілінді. Болжам бойынша, порножұлдыз Трамппен болжамды қарым-қатынасы туралы көпшілік алдында айтқысы келген және оған аударылған сома кейіннен саясаткердің сайлауалды қорынан заңсыз өтелген.

Іспен таныс екі дереккөздің айтуынша, Дональд Трампқа 30-дан аса бизнес-алаяқтыққа қатысты айып тағылады.

Нью-Йорктегі үлкен қазылар алқасы АҚШ-тың бұрынғы президентін айыптау үшін дауыс бермес бұрын, олар аты-жөні әлі құпия сақталған куәгердің 30 минуттық айғағын тыңдады, деп хабарлайды портал дереккөзі.

Айыптау қорытындысына жауап ретінде Трамп мәлімдеме жасап, мұны "саяси қудалау және тарихтағы ең жоғары деңгейдегі сайлауға араласу" деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети