01 маусым 2022 10:40

АҚШ Украинаға аса қауіпті зымыран қаруын жеткізбек

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Украинаның тағы бір облысы байланыссыз қалды. АҚШ Украинаға Ресей жеріне жете алатын зымырандарды жіберетін болды. Tengrinews.kz тілшісі Украинада болып жатқан кейінгі жаңалықтарға шолу жасады.


Украинаның тағы бір облысы байланыссыз қалды. АҚШ Украинаға Ресей жеріне жете алатын зымырандарды жіберетін болды. Tengrinews.kz тілшісі Украинада болып жатқан кейінгі жаңалықтарға шолу жасады.

Украина әскери қылмысқа барған 15 000 күдіктіні анықтады

Украинаның бас прокуроры Ирина Венедиктова Украинадағы қақтығыс басталғаннан бері 15 000-ға жуық әскери қылмысқа барған күдіктілер тіркелгенін айтты. Бүгінге дейін 600-ге жуық күдікті анықталып, 80 сот ісі басталған. Венедиктованың айтуынша, күдіктілердің тізіміне "Ресейдің жоғары лауазымды әскери қызметкерлері, саясаткерлер мен пропаганда агенттері" кіреді.

©REUTERS

Северодонецкіде 12 000 бейбіт тұрғын оқ астында қалды 

Норвегиялық босқындар кеңесінің бас хатшысы Ян Эгеландтың айтуынша, Северодонецкіде бейбіт тұрғындар шұғыл көмекке мұқтаж, олар соғыс алаңында қалды. Эгеланд гуманитарлық ұйымдарға бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға шақырды.

"12 000 азаматтың өміріне қауіп төніп тұр, олар үшін қарапайым су мен нанның өзін табу қиын", - деп толықтырды ол.

Херсон облысы байланыссыз қалды

Украинаның арнайы байланыс және ақпаратты қорғау мемлекеттік қызметі елдің оңтүстік Херсон аймағында белгісіз шабуыл болғанын хабарлады. Өңірдегі жабдық күйіп, кабельдер істен шыққан.

"Қазіргі уақытта облыс тұрғындары байланыссыз және интернетсіз қалды. Сондай-ақ, стационарлық телефон аппараттарының көмегімен ұлттық және халықаралық телефон қоңырауларын шалу да мүмкін болмай отыр", - делінген хабарламада.

©REUTERS

Байден Украинаға алыс қашықтықты көздейтін зымырандарды беретін болды

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға 80 шақырымға дейінгі нысанаға жететін жоғары мобильді артиллериялық зымыран жүйелерін беруге келісті. Украина бұл техниканы Ресейге қарсы қолданбайтынын айтып сендірді. 

©REUTERS

Екі ел арасындағы соғыс ұзаққа созылуы мүмкін

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Capital.gr порталына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғыстың қашан аяқталатынын қазір ешкім болжай алмайтынын, соғыстың ұзақ уақытқа созылуы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар, ол алдағы НАТО-ға мүше елдер басшыларының кездесуінде Ресейге қарсы жаңа санкциялар болатынын айтып, соғысты тоқтатудың жаңа жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Украина өсімдіктерінің генетикалық банкі жойылу алдында тұр

Украина жерасты қоймаларында 2000-ға жуық дақылдардың генетикалық коды жойылып кетуі мүмкін. БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы құрған CropTrust коммерциялық емес ұйымының мәліметінше, бұл қауіп осы айдың басында Украинаның ұлттық тұқым банкінің жанындағы зерттеу орталығы зақымданған кезде пайда болды.

"Генетикалық банктер - бұл адамзат өмірін сақтандырудың бір түрі. Олар құрғақшылыққа, жаңа зиянкестерге, жаңа ауруларға және жоғары температураға төзімді өсімдіктердің жаңа сорттарын өсіруге шикізат береді", - деді Crop Trust атқарушы директоры Стефан Шмитц.

"Газпром" Shell және Orsted келісімшарты бойынша газ беруді тоқтатады

"Газпром" Данияның Orsted және Shell компаниясына Германияға газ жеткізу келісімшарты бойынша жеткізуді тоқтататынын айтты. Айта кету керек, бұған дейін "Газпром" Польша, Болгария, Финляндия және Нидерландыға газ жеткізуді тоқтатты.

©REUTERS

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети