17 мамыр 2021 09:37

"Әлем аруы - 2021" атағын кім жеңіп алды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әлем аруы 2021" Мексикалық ару. Фото: Miss Universe Organization "Әлем аруы 2021" Мексикалық ару. Фото: Miss Universe Organization

Мексикалық 26 жастағы Андреа Меза (Andrea Meza) "Әлем аруы" атағын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мексикалық 26 жастағы Андреа Меза (Andrea Meza) "Әлем аруы" атағын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жеңімпаз тәжін "Әлем аруы 2019" ОАР аруы Зозибини Тунци табыстады. Үздік бестікке Бразилия, Үндістан, Доминикан республикасы және Перу өкілдері кірді.

Андреа Меза Мексика атынан "Әлем аруы" атанған үшінші қыз. Бұған дейін мексикалықтар 1991 және 2010 жылдары жеңіске жеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Miss Universe (@missuniverse)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Andrea Meza (@andreamezamx)

Айта кетейік, былтыр коронавирус пандемиясына байланысты "Әлем аруы" байқауы кейінге қалған болатын. Биыл ол Американың Холливуд қаласында офлайн форматта өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MISSUUPDATES (@missuupdates)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Miss Universe (@missuniverse)

Байқау дәстүрлі түрде бірнеше кезеңнен тұрды: жартылай финал, ұлттық көйлектер шоуы және финал. Онда қатысушылар өзін таныстырды, шомылу киімімен және кешкі көйлекпен дефиле көрсетті және сұхбат болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Miss Universe (@missuniverse)

Қазақстан атынан 19 жастағы қызылордалық студент Камилла Серікбай өнер көрсетті. Бірақ ол финалға өте алмады. Ол Сүлейман Демирел университетінің заң факультетінде бірінші курста оқиды.

Ұйымдастырушылар осы финалды дайындау үшін қауіпсіздік шараларын жоспарлау және әзірлеу үшін бірнеше ай жұмсаған. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар COVID-19 таралмауы үшін келе салып міндетті карантинге жатқызылды, бірнеше рет тест тапсырды, маска қолданып, әлеуметтік қашықтық сақтап жүрді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети