1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 17,7 миллионнан асты

REUTERS© REUTERS©

2 тамызда таңертең әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 17,7 миллионнан асты. Бұл деректі Джонс Хопкинс университетінің жобасы растайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университет мәліметінше, әлемінде 17 759 332 адам COVID-19 жұқтырған, 682 855 науқас инфекцияның құрбаны болған, тағы 10 484 442 адам жазылып шыққан.

Вирус жұқтырғандар саны ең көп тіркелген алғашқы 10 ел:

АҚШ - 4,617,494 жұқтырды, 154,319 қайтыс болды,

Бразилия - 2,707,877 жұқтырды, 93,563 қайтыс болды,

Үндістан - 1,695,988 жұқтырды, 36,511 қайтыс болды,

Ресей - 843 890 жұқтырды, 14 034 қайтыс болды,

ОАР - 503 290 жұқтырды, 8153 қайтыс болды,

Мексика - 424,637 жұқтырды, 46,688 қайтыс болды,

Перу - 407 492 жұқтырды, 19 021 қайтыс болды,

Чили - 357 658 жұқтырды, 9533 қайтыс болды,

Иран - 306 752 жұқтырды, 16 982 қайтыс болды,

Ұлыбритания - 305 572 жұқтырды, 46 278 қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да (ДДҰ) коронавирус анықталғандардың статистикасын келтіреді. ДДҰ-ның соңғы мәліметі бойынша, әлемде COVID-19-ды 17 396 943 адам жұқтырған, 675 060 адам қайтыс болған. Бір күнде әлемде 289 321 адам инфекциямен тіркелген.

Ал Қазақстанда 90 367 жағдай тіркелген. 60 825 адам сауығып, 793 науқас қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!