Әлемде мұнай бағасы құлдырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемде мұнай бағасы құлдырады Фото:depositphotos.com

Әлемдік мұнай бағасы Ормуз бұғазы арқылы тасымалдың қалпына келу белгілері байқалған тұста төмендеу қарқынын арттырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлемдік мұнай бағасы Ормуз бұғазы арқылы тасымалдың қалпына келу белгілері байқалған тұста төмендеу қарқынын арттырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Астана уақытымен сағат 18:33-тегі жағдай бойынша Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстері 4,58 пайыз арзандап, барреліне 73,55 доллар болды. Бұл АҚШ пен Иран арасындағы соғыс басталғаннан бергі ең төменгі көрсеткіш.

WTI маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстерінің құны 4,33 пайыз төмендеп, барреліне 70,04 долларды көрсетті.

Неге баға арзандап жатыр?

Сарапшылар бағаның төмендеуін Таяу Шығыстан тұрақты мұнай жеткізу қалпына келеді деген болжаммен байланыстырады. Кеме қатынасын бақылау қызметтерінің мәліметінше, оқ атуды тоқтату туралы келісімге қол жеткізіліп, теңізде қолдау көрсетудің халықаралық механизмі іске қосылғаннан кейін Ормуз бұғазы арқылы өтетін мұнай танкерлері мен жүк кемелерінің саны артқан.

“Шексіз инспекция“: Трамп Иран туралы мәлімдеме жасады

АҚШ-тың ирандық мұнай экспортына салған кейбір шектеулерінің уақытша жеңілдетілуі де нарыққа қосымша қысым түсіріп отыр. Инвесторлар алдағы уақытта Ираннан келетін шикізат көлемі артуы мүмкін екенін де ескереді, бұл әлемдік нарықтағы ұсыныстың артуына және бағаның одан әрі арзандауына әкелуі ықтимал.

Мұнай бағасы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Бұған дейін мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов мұнай бағасы бюджет кірісіне, Ұлттық қордың жай-күйіне және теңге бағамына әсер ететінін атап өткен болатын. Баға көтерілгенде әсері оң болады және керісінше.

Мұнай нарығындағы тұрақсыздық экономика үшін тәуекелді күшейтеді. Бағаның күрт құбылуы инфляцияға, инвестициялық белсенділікке және қаржы нарықтарына әсер етеді. Мұнай кірістеріне тәуелділік елді сыртқы жағдайларға осал етеді.

Бұл ретте 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте базалық параметрлер бекітілген: мұнай бағасы барреліне 60 доллар деңгейінде және доллар бағамы 540 теңге. Экспорттық кірістер, әлеуметтік төлемдер және мемлекеттік шығыстар дәл осы бағдар негізінде есептеледі.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.89   552.33   6.51 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +24
Ақтау +23
Ақтөбе +19
Атырау +28
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +25
П
Павлодар +21
Петропавл +23
С
Семей +21
Т
Талдықорған +23
Тараз +24
Түркістан +21
О
Орал +18
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер