10 қазан 2016 12:10

Әлеуметтік желіде жанжалдасып қалған жеткіншек бұрынғы сыныптасын пышақтап өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Краснояр қаласында 13 жастағы мектеп оқушысы бұрынғы сыныптасымен желіде сөзге келіп қалып, оны пышақтаған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ресейдің Краснояр қаласында 13 жастағы мектеп оқушысы бұрынғы сыныптасымен желіде сөзге келіп қалып, оны пышақтаған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Краснояр қаласындағы № 45 мектептің 13 жастағы оқушысы "ВКонтакте" желісінде өзіне тіл тигізгені үшін сыныптастарымен дауласқан. Жексенбі күні сағат 16:00 шамасында жеткіншектер Судостроительный көшесіндегі үйдің ауласында кезіккен. Бұл кездесуге бұрынырақ № 45 мектепте оқыған, кейін басқа мектепке ауысып кеткен оқушы да келген. Кикілжіңге себепші болған жеткіншек оларды досымен бірге күткен. 

Жанжал кезінде кикілжіңге себепші жеткіншек қалтасынан бәкі алып шығып, бұрынғы сыныптасының сол жақ кеуде тұсынан ұрған. Жаралы оқушы қашпақ болады, алайда ол қатты қансырап, оқиға орнында қалған. Келіп жеткен жедел жәрдем көмек беруге тырысқанымен, жеткіншек ол жерде көз жұмған. 

Оқушының ауыр қылмыс жасағанына қарамастан, қылмыстық жауапкершілік кәмелет жасына толмағандықтан, іс қозғалмағанын айтады аймақтық тергеу басқармасының өкілі Ольга Дегидь.

Қазіргі кезде куәгерлерден, мұғалімдер мен өзге сыныптастардан жауап алынып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети