15 қыркүйек 2014 21:50

Алина Кабаева Ресейдің Мемдумасынан кететін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алина Кабаева мен Владимир Путин. Фото for-ua.com сайтынан алынды Алина Кабаева мен Владимир Путин. Фото for-ua.com сайтынан алынды

Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Алина Кабаева өзінің депутаттық мандатын мерзімінен бұрын тоқтатуға шешім қабылдады. Мемлекеттік Думаның Регламент комитеті Алина Кабаеваның өз еркімен депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін мақұлдап, енді бұл мәселені 16 қыркүйек күні Мемлекеттік Дума отырысында қарауды ұсынды, - деп хабарлайды Ресей парламенті төменгі палатасының ресми сайты


Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Алина Кабаева өзінің депутаттық мандатын мерзімінен бұрын тоқтатуға шешім қабылдады. Мемлекеттік Думаның Регламент комитеті Алина Кабаеваның өз еркімен депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін мақұлдап, енді бұл мәселені 16 қыркүйек күні Мемлекеттік Дума отырысында қарауды ұсынды, - деп хабарлайды Ресей парламенті төменгі палатасының ресми сайты

Алина Кабаева - әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, сондай-ақ көркем гимнастикадан жазғы Олимпиадалық ойындардың жеңімпазы. Ол өзінің спорттық мансабын 2007 жылы тоқтатып, дәл сол жылы "Единая Россия" партиясынан Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған болатын. 2011 жылы палатаның алтыншы құрамына қайта сайланды. Алина Кабаева қазір 31 жаста, ол Мемлекеттік Думаның денешынықтыру және спорт комитетінде жұмыс істейді. 

Мемлекеттік Дума Регламент комитетінің бірінші орынбасары Надежда Герасимованың айтуынша, Кабаева "спорттық мәселелермен" айналысуға ниет етіп отыр. "Бізде ресми ақпарат жоқ, бізге белгілі болғандай, ол өз мамандығы бойынша жұмыс істеп, спорт мәселесімен айналысатын болады", - деді ол РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында. Надежда Герасимова депутат не себепті мандатты тапсыруға бел байлағанын және қандай жұмысқа орналасатынын айтуға міндетті еместігін жеткізді. 

Шетелдік және ресейлік БАҚ құралдары Алина Кабаеваның Ресей Президенті Владимир Путинмен өте жақын қарым-қатынаста екендігін бұрыннан бері жазып келеді. БАҚ құралдарының нұсқасы бойынша, әйгілі спортшы Алина Кабаева өте құпия түрде Путинге алдымен бір ұл, одан кейін бір қыз туып берген көрінеді. 

2008 жылы "Московский корреспондент" газеті Кабаева мен Путиннің алдағы болатын үйлену тойы туралы (Путин ресми түрде 2013 жылы ғана ажырасты) жазған болатын. Кейін бұл ақпарат жоққа шығарылып, ал газет жабылып қалды. Путиннің өзі де бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Владимир Путин өзінің әйелі Людмиламен заңды түрде ажырасқаннан кейін, президент пен депутаттың құпия байланысы жөніндегі қауесет тарай бастады. Алайда Кабаева ресейлік басылымға берген бір сұхбатында өзінің жеке өміріне араласпауды өтінді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети