10 қаңтар 2018 11:11

Аллигаторлар мұзға қатып, жарғанаттардың миы қайнап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Hoax Alert - Lead Stories © Hoax Alert - Lead Stories

АҚШ-та штаттардың біраз бөлігінде аязға байланысты төтенше жағдай орнады. Кей жерлерде ауа температурасы минус 30-дан түсіп, 26 адам зардап шеккен, - деп хабарлайды "Россия-24" арнасы. 


АҚШ-та штаттардың біраз бөлігінде аязға байланысты төтенше жағдай орнады. Кей жерлерде ауа температурасы минус 30-дан түсіп, 26 адам зардап шеккен, - деп хабарлайды "Россия-24" арнасы. 

Солтүстік Каролинадағы Shallotte River Swamp Park ұлттық паркінде сумен бірге аллигаторлар да мұзға қатып қалған. Парктің қараушысы мұзда қатып жатқан жануарларды видеоға түсіріп алған. 

Мамандардың сөзінше, бауырымен жорғалаушылар бұдан қырылмайды. Олар дене температурасын төмендетіп, ұйқыға кеткендей күйге түседі екен. Температура көтерілгенде қайта оянады. 

Ал әлемнің басқа бөлігі - Аустралияда соңғы күндері ауа температурасы 44 градусқа дейін көтерілген. Аномалды ыстыққа байланысты онда қызыл кітапқа енген жарғанаттар мыңдап қырылып жатыр. 

"Мұндай жағдайда жарғанаттар ауада "пісіп" қалып жатыр десе де болады", - дейді Кэмбеллтаун Кэйт Райан LiveScience порталына. 

Оның сөзінше, мұндай ыстықта жарғанаттардың миы тура мағынада қайнайды екен: олар өзді-өзін бақылай алмай, кеңістікте бағыт таба алмайтын күйге түседі. 


© LiveScience

РИА Новости сайтына берген сұхбатында академик Игорь Мохов аномалды ауа райының жаһандық жылынудың салдары екенін айтып отыр.

Оның сөзінше, уақыт өткен сайын мұндай құбылыстардың саны артып, көлемі де ұлғая береді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети