Алтайда жол апатынан зардап шеккен қазақстандық әйел есін жиды - СІМ

26 Тамыз, 12:14
0
Фотоколлаж © Tengrinews.kz
Фотоколлаж © Tengrinews.kz

Алтайда жол апатынан зардап шеккен қазақстандық әйел есін жиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Білімбай Хасен есін жиды, сөйлеп жатыр. Туыстары келіп қалуы тиіс. Әйелдің туыстарының іздестіріліп жатқаны туралы хабарлама таратылғаннан кейін бір сағаттың ішінде Моңғолия мен Астанадағы туыстары бізбен хабарласты", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, СІМ мәліметінше, Білімбай Хасенді Қазақстанға әкетуге болады. Алайда бұл мәселе әйелдің туыстарымен бірлесіп шешілетін болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Алтайда болған жол апатынан зардап шеккен әйелдің туыстарын іздестірді. Жол апаты түнгі уақытта Алтай Республикасындағы автожолда болған, шағын автобус аударылып қалды. Автобустағы 15 адам Моңғолия азаматтары болған, 12 адам зардап шеккен.

Istana шағын автобусының жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай, жол бойынан шығып, көлік аударылып қалған. Полицияның мәліметтері бойынша, жол апатының себебі тежегіштің істен шығуы болуы мүмкін.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай